Мамин мен Көшербаев мемлекеттік қызметте қалды ма?

0 456

Асқар Мамин мен Қырымбек Көшербаев мемлекеттік органдарда жұмысын жалғастырып жатыр ма деген сұраққа мемлекеттік қызмет істері агенттігі жауап қайтарды, деп хабарлайды https://kaz.orda.kz/

Үкімет басшысы мен мемлекеттік хатшы отставкаға кеткеннен кейін Orda.kz редакциясы мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сауал жолдады. Бізді Асқар Мамин мен Қырымбек Көшербаев мемлекеттік қызметші ретінде қалды ма, егер солай болса, қазіргі уақытта қандай қызметтер атқарып жүргені қызықтырған еді.

«Мемлекет басшысының 5 қаңтардағы Жарлықтарымен А.У.Мамин мен Қ.Е. Көшербаев қызметінен босатылды. Сондықтан олар саяси мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды» делінген ведомствоның жауабында.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мамин мен Көшербаевтың мемлекеттік әкімшілік қызмет атқарып жатқаны туралы жауап бермеді.

Мамин «Qazaq Geography» бірлестігінде жұмыс жалғастырып жатыр

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин өзі төраға болып отырған «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Роза есімді хатшысының айтуынша, кеңсеге күнде келгенімен, бірақ жарты күн жұмыс істейді. Алайда тілші мен оның көмекшісі телефон арқылы сөйлескен кезде Мамин кабинетінде болмағандығы айтылды.

Оның кеңсе меңгерушісі толығырақ ақпарат беру үшін редакцияның байланыстарын PR қызметіне беруге уәде берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.