Мал дәрігеріне сұраныс жоғары

0 238

Жамбыл облысында тағы бір жақсы жаңалық пайда болды. Ол – ветеринария саласының сапы жас мамандардың қатарын молаюы. Биыл жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша жоғары оқу орнын тәмамдаған 49 маман аудандардағы ветеринариялық стансалар мен пункттерге бөлінген.

Олар өз оқуларының нәтижесін енді осы салада сынға салмақ. Мұнда олар өздері оқып жиған білімдерін іс жүзінде жүзеге асырып, бір жағынан ел үшін еңбек етіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қоспақшы.

Атап айтар болсақ, Талас ауданына да ветеринар болып екі маман барған.

–Мен өзім Талас ауданынң тумасы болғандықтан, біз бала күнімізден мал асыраумен шұғылдандық. Ал бұл мамандыққа да қызығушылығым сонау бала күнімнен басталды. Сосын мектептен кейін колледжге оқуға түсіп, Ветеринария саласы бойынша білім алдым. Қазір өз мамандығым бойынша жұмыс істеп жүрмін. Мал иесінің шақыртуы бойынша аталған мекен жайға барып көмек көрсетемін, ауырған түліктерді, басқа да үй жануарларын емдеп, тиісті дәрі окулдерін салып беріп кетемін,–дейді жас маман Мақсат Бораш.

Жалпы облыс бойынша ветеринария басқармасы да осындай талапты жастарды салаға тарту жолында еңбектер атқарып келеді. Мысалы атап айтар болсақ, былтырғы жылы 10 ауданның мал дәрігерін жинап, арнайы оқу жаттығудан да өткізген болатын.

–Бүгінгі таңда бұл сала бойынша еңбек етіп жатқан мамандардың орташа жастарының саны 50 ден асқандар мен 55 ден аспаған адамдар. Міне, биыл олардың қатары жас мамандармен толығып отыр. Ал көктемде бұл мамандармен бірігіп жұмыс жасау үшін олардың білім білігін арттыру мақсатында «жануарларды қолдан ұрықтандырудің әдістерін меңгеру» тақырыбында арнайы семинар курстар да ұйымдастырылып тұрады.

Олар өздерінің мамандығына деген белсенділіктерін осындай оқу жаттығу кездерінде танытып жатыр. Мысалы ұйымдастырылған сол семинардың өзіне 138 маман келіп қатысып, оларға «жануарларды қолдан ұрықтандыру технигі» деген арнайы сертификаттар да берілді. Бұл осымен ғана тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да жалғасын таба береді деп ойлаймыз. Жалпы сапалы мал өсіру жолында заманауи техникаларды қолдану ең тиімді әдіс болып табылады әрі іс өнімді. Сонымен қатар бұл мамандықты таңдаған жастар жұмыссыз қалмайды,–дейді аталған басқарманың өкілі Ербол Жұмабекұлы.

Талас ауданында бұл жөніндегі іс шаралар да өз жоспарына сай жүзеге асырылуда. Оның ішінде малдан қан алу және оларға вакцина салу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Қазірге дейін 1 мың 431 ірі қарадан, 21 мың 13 аша тұяқтан қан алынып, олар арнайы сараптама орталығына жіберіліп тексеріліпті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.