М-3 жылу магистралінің жаңғырту жұмыстары
🔹 Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралау барысында «М-3» жылу магистраліндегі құрылыс жұмыстарының барысын көрді.
🔹Қазіргі таңда бұл нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылып, жылу желілерін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүзеге асырылуда. Жоба аясында ескірген құбырлар жаңасына ауыстырылып, жылу жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру көзделген.
🏗️ Жалпы, шаһардағы жылу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары соңғы жылдары жүйелі түрде қолға алынуда. Атап айтқанда, 2024-2025 жылдары Сыпатай батыр, Төле би және Қ.Тұрысов көшелерінің бойымен өтетін М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасы толық іске асырылып, нәтижесінде 6 138 метр жылу құбыры жаңартылған болатын. Бұл өз кезегінде жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетіп, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
♨️ Сонымен қатар, өткен жылы Жамбыл даңғылының Төле би даңғылынан Әйтеке би көшесіне дейінгі аралықта орналасқан М-3 жылу магистралінің 650 метр бөлігі жаңғыртудан өтті. Аталған жұмыстар жылу беру маусымындағы апаттық жағдайлардың алдын алуға және жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.