Көлдің суы қауіпті: Экологтар қазақстандықтардан Көбейтұз көліне бармауларын өтінді

0 45

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтардан Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне бармауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, сарапшылардың судың құрамы бойынша жасаған талдаудының нәтижесі нашар.

«Былтыр әкімдік суға талдау жасап, көңіл көншітпейтін қорытындыға келді. Бұл тұз бен судың құрамында ауыр металдардың мөлшері өте жоғары. Қазақстандықтардан көлге бармауды сұраймын. Бұл адамдардың денсаулығы үшін қауіпті», — деді Экология министрлігінің басшысы халықпен есептік кездесу барысында.

Еске салсақ, 2020 жылы 20 шілдеде қызғылт түсті Кобейтуз көліне келушілер қарасы көбейген. Кейбір адамдар көліктермен су қоймасына кіріп, тұзды пайдалану және сату үшін жинап алған.

Даулы мәселеден соң Экология министрлігі тексеріс бастаған. Көлге аса қорғаудағы аймақ мәртебесін беру талқыланған еді, алайда су мен тұздың құрамын талдау нәтижелері шықса да, нақты шешім қабылданбаған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.