Алматыда мектеп алдында маскасыз жүрген адамдар видеоға түсірілді

0 214

Алматыда мектеп маңында бетпердесіз жүрген бір топ адам видеоға түсірілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кадрларды тексерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырман Алматы мектептерінің бірінің маңында жүрген адамдардың видеосын жіберді.

«Ташкент-Баумандағы мектептің маңынан өтіп бара жатқанмын. Іс-шара болып жатыр, барлығы дерлік маскасыз жүр», — деді оқырман.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов жағдайға пікір білдірді.

«Алмалы ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мониторинг тобымен бірге осы мектепте карантиндік шектеу талаптарын бұзу дерегі бойынша тексеруді ұйымдастыру мәселелерін пысықтау тапсырылды. Мектеп әкімшілігіне қатысты шаралар қабылданады», — деді ол.

Кейін бұл аттестат табыстау рәсімі екені белгілі болды.

Еске салайық, 12 маусымда Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймаққа өтті.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.