Футболдан аудандық жарыс өтті

0 171

Білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай Ақкөл ауылдық округінде кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді. Әр аймаққа бөлінген командалар жасыл алаңда өз шеберліктерімен ерекшеленіп, тартысқа толы ойын өрнегін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қаратау 1»  аймағы жеңіс тұғырынан көрінсе, 2-орынды «Ойық» аймағы иеленді. Үздік үштікті «Алағабас» аймағы түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға ұйымдастырушылар тарапынан кубок, медаль және дипломдар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.