Ерболат Досаев: 2021 жылы инфляция біз күткеннен жоғары болуы мүмкін

0 542

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында Қазақстанда осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция бекітілген 4-6 пайыздық дәлізден 0,5 пайыздық тармаққа жоғары болуы мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бағаның едәуір күрт жоғарылауы мен электр энергиясы бағасының өсуін, барынша күшті фискалдық ынталандыруды және жоғары инфляциялық болжамдарды ескерсек, 2021 жылдың соңына қарай, біздің соңғы болжамға сәйкес, инфляция нысаналы диапазоннан 0,4-0,5 пайыздық тармаққа жоғары қалыптасуы мүмкін», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар Ерболат Досаев 2022 жылы ішкі проинфляциялық факторлардың әсері мен сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуін күтетінін жасырмады. Нәтижесінде, инфляция бекітілген дәліз 4-6 пайызға кіреді деп болжап отыр.

Ұлттық банк төрағасы осы мәселелерді ескеріп, осы жылы 7 маусымда базалық ставканы 9 пайыз деңгейінде сақтауға шешім қабылданғанын еске түсірді. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Тоқаев премьер-министрге азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді.

Оның сөзінше, проинфляциялық факторлар тарапынан тәуекелдер болған жағдайда және болжамды бағалаумен салыстырғанда дезинфляция барынша баяу жүрсе, ұлттық банк ақша-кредит шарттарын қатаңдату туралы шешім қабылдайды.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.