Елімізде тағы 39 адам пневмония мен коронавирустан қайтыс болды

0 268

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус пен пневмония туралы кейінгі бір тәуліктегі ақпаратты жариялады.

5 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 15 015 науқас стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 784 адамның жағдайы ауыр,
• 196 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 117 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

2021 жылғы 3 мамырдағы мәлімет бойынша 29 жаңа жағдай тіркелген, 5 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бері тіркелген: науқастар саны – 53 122, өлім жағдайы — 817. Барлығы 51 935 адам сауығып шыққан.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.