Екпе егуге ел болып жұмылуда

0 189

Өткен жылдан бері барша адамзат баласы үшін «COVID-19» індеті өзекті мәселеге айналып отырған жайы бар. Шетелдік «The Lancet» ғылыми журналының мәліметі бойынша, бүгінде әлемде 4 миллионға жуық адам коронавирус ауруынан көз жұмған. Өкінішке орай, ажал құшқандардың саны күн санап көбейіп келеді. Қауіпті кеселді жеңудің жалғыз жалғыз жолы – екпе салдыру болып тұр.

Жасыратыны жоқ, қазір екпе салдыруға қатысты қоғамда сан түрлі пікір мен көзқарас қалыптасқан. Түрлі қауесет әңгімелердің де тарағаны рас. Дегенмен, жаһанды жайлаған індетпен күрестің ең тиімді де дұрыс жолы – оған қарсы жаппай екпе салдыру, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Бұл – әлем мойындаған шешім, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та шегелеп айтып келеді. Денсаулық сақтау министрлігі алдында қыркүйек айына дейін еліміздің 10 миллион азаматын індетке қарсы вакциналау міндеті тұр.

Бұл ретте Талас ауданының Берікқара, Көктал, Тамды ауылдарының тұрғындары түгелдей екпе алды. Бүгінгі күнге дейін аталған ауылдық округтерде жоспардағы 1696 адамның орнына 1735 адам вакцина салдырған.

Бірінші кезеңде екпе алуды мектеп мұғалімдері бастап, кейін отбасы мүшелерін вакцинациялануға алып келген. Екінші кезеңде вакцинаны өзге де салақызметкерлері алған. Ал үшінші кезеңде дәрігерлер мен мейірбикелер әр үйге барып, тұрғындардың үйден шықпай екпе алуна жағдай жасаған.  Төртінші кезеңде медицина қызметкерлері шалғайдағы шаруа қожалықтарын аралап, қожалық иелері мен малшыларға екпе салды.

Ауданда алғашқы күндерге қарағанда қазір тұрғындардың екпе алуға ниеті артып отыр. Вакцинаның пайдасы болмаса, зияны жоқ екенін көзі қарақты жандар жақсы түсінуде.Жалпы Тамды,Берікқара, Көкталауылдық округтерінде барлығы 4688 адам тұрса, оның 1696-сы вакцина қабылдауға жататындар есебінде. Қалғандары емізулі баласы бар, аяғы ауыр, дәріге аллергиясы барлар, 65 жастан асқан қариялар мен 1 жас пен 18 жас аралығындағы балалар.

100% екпе алған ауыл тұрғындарына алғашында түсіндіру жұмыстарыжүргізіліп, жаднамалар таратылған болатын. Жүргізілген жұмыстар бүгінде өз нәтижесін беріп,  көпшіліктің вакцина қабылдаудың маңыздылығы туралы оң пікірі қалыптасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.