Екі рет тұрмыс құрған Алтынай Жорабаева оңбай сөз естіді

0 1 916

Алтынай Жорабаеваның жеке өмірі әлі де жұрттың талқысында. Ол қыз ұзатқаны үшін көптің сынына ұшырады.

Алтынай кезекті тойлардың бірінде қалыңдықтың қасында ән салып, екі жастың қуанышына ортақтасқан сәтін Instagram-ға жүктегені сол еді, интернеттегі ел шу шығарған, деп хабарлайды Экспресс К

Әнші әлеуметтік желіге қыз ұзатқан видеосын жүктеп, «қазақтың тойы бітпесін! Жастар бақытты болсын» деп жазба қалдырған. Алтынайдың бұл посты кейбір оқырмандарының наразылығын тудырған. Олар екі рет тұрмыс құрған Жорабаеваның қыз ұзатқанына қарсылық танытуда.
Бірнеше күйеуге шыққан әйелді араластыру қызға обал болмай ма?,

— деді желі қолданушысы

Оқырманының дәл осындай кереғар пікірі Жорабаеваға жақпай қалса керек, әнші де бірден ашуланып жауап берді.
Өзіңіздің ұрпағыңыздың болашағына сенімдісіз бе?,

— деп жазды Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаеваның алғашқы жолдасы Сәбит Әбдіхалықовтан төрт қызы бар. Танымал әнші балаларының әкесімен ажырасқаннан кейін 2020 жылы екінші мәрте тұрмысқа шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.