Белгілі актер Асылхан Төлепов елді шулатты

0 519

Танымал театр және кино актері Асылхан Төлепов театр сахнасындағы ерекше образымен таңқалдырды.
Ол басына орамал тағып, қысқа шорты киіп әрі бөксесін бұлғандатып билеген, деп хабарлайды Экспресс К.

Асылхан Төлепов қазіргі кезде елордадағы Музыкалық жас көрермен театрының актері.

Артист театр сахнасында осындай ерекше рөлді сомдаған. Бұған желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.

«Түсіне білген адамға бұл — өнер», «Актер барлық рөлді ойнауы керек», «Бала-шағаны асыраудың қамы», «Актерлерден сақ болыңдар», «Осы күні жігіттердің ішінде ЛГБТ бар ма деп қорқа бастадым», «Азғындаған», «Театр актері — өз жұмысын атқарып жатыр»,

—деген сарындағы пікірлер бар.

Ал актердің өзі бұған арнайы жауап берген екен.
Ақша үшін емес. Бірінші театрдың айлығын біліп алыңыздар. Сол кезде олай айтпайсыздар. Қарындасымыз тақырыбын көрерменді тарту үшін осылай қойған ғой. Ол дұрыс емес. Қойылымға келсеңіздер бәрін түсінесіздер. Айтар ойы мүлдем басқа,

— дейді Асылхан Төлепов.

Видео: https://aitube.kz/video?id=5daa2237-0bca-44b5-951c-925741f40e65

Leave A Reply

Your email address will not be published.