Егіс алқаптары артезиан суымен суарылады
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
«Қазсушар» мекемесінің облыстық филиалы Ақкөл өндірістік бөлімшесінің басшысы Әбілхамит Ахметовтің айтуынша Талас ауданындағы 17 су қоймасының екеуі аталған мекемеге қарайды. Биыл мекеме ағын су тапшылығын сезініп отырған шалғай ауыл тұрғындарына арналған баянды бастаманы қолға алған.
– Биыл біздің мекеменің меншігінде екі су қоймасынан келетін ағын су мамыр айынан бастап тоқтады. Кейіннен басшылықтың ұйғарымымен аталған аудандарға су жіберу тоқтатылды. Екі тәулі ішінде біз Талас өзенінің арнасымен суды Үшарал ауылына дейін жеткіздік. Маусым айында да тура осы әдіспен ағын суды екі тәулікке еркіне жіберіп «Жиенбет» су бөгетінен ары асырдық.
Өңірде суармалы жер көлемін ұлғайту бағытында су қоймаларын салу жұмыстары жүргізіп жатыр.
Алдағы жылдары Талас пен Байзақ ауданының шекарасында сыйымдылығы 11 миллион текше метр болатын «Ақмола» су қоймасы салынады. Су қоймасы пайдалануға берілген соң онда қыс айларында ағын су жиналып, кейіннен Сарысу, Талас аудандарының егіс алқаптарын суландыруға жоспрлап отырмыз, – дейді Ә.Ахметов.
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы КСРО дәуірінен бері пайдаланылмай тұрған артезиан құдықтарының суын кәдеге жарату бағытында іске кіріскен. Қазір өңірдегі 248 артезиан құдығы егіс алқабына тиесілі. Басқарма басшысының айтуынша таластық шаруалар жер астындағы суды тиімді пайдалану тәжірибесін қолға алған.
– Талас ауданында бірқатар шаруа қожалықта анықталған артезиан құдықтарындағы суды егіс үшін пайдаланып жатыр. Соның арқасында бір ғана Ойық ауылдық округінде соңғы 2 айда 100 гектар жер суармалы егіс алқабы ретінде қайта айналымға енді. Аталған округтегі Сейілбек ауылындағы «Береке» шаруа қожалығы екі артезиан құдығымен 44 гектар алқапты суғаруда, – дейді басқарма басшысы.

