Бір айдан соң WhatsApp тұтынушыларды «ажырата» бастайды

0 327

мамырынан бастап әлемдегі ең танымал WhatsApp мессенджері тұтынушыларға екі таңдау ұсынады – сервистің жаңа ережелерін қабылдау немесе одан бас тарту.

Жаңа ережелерді қабылдаған тұтынушылар WhatsApp желісін әдеттегідей пайдалана береді. Ал бас тартқандар функционалдық мүмкіншіліктерден айтарлықтай шеттетіледі.
WhatsApp компаниясының хабарлауынша, мұндай тұтынушылардың тіркеу жазбалары алынып тасталынбайды. Алайда, олар өзіне  келген жазбаларды (сообщение) оқи немесе оларды жібере алмайды – мессенджердің тек қоңырау мен хабарламаларды (уведомление) қабылдайтын функциялары ғана қолжетімді болады. Бұл жағдай кез келген адам жаңа ережелерді қабылдағанша жалғасатын болады.
Жаңа ережелер Facebook бас компаниясына тұтынушылардың деректерін әдеттегіден үлкен көлемде енгізуді көздейді. Алғаш сервис бұл бастаманы  өткен қыста қолға алып, тұтынушылардың тарапынан  көптеген сынға алынған соң уақытын кейінге шегерген еді.

tekei-batyr.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.