Бейбіт елдің батыры

0 273

Пештің мұржасынан Ұйым елді мекені, Ғ.Мұратбаев көшесіндегі үйден өрт шықты. Әп-сәтте тілсіз жау күшейе түседі.

Оқиға орнына дер кезінде келген Саудакент ауылдық №11 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген.

Оқиға барысында өрт сөндіруші Хамзабек Жандос (Суретте) тез шешім қабылдап, әрекет етуінің арқасында тілсіз жау қысқа мерзімде сөндіріліп, үйдің негізгі бөлігі сақталды.

Бес жылдан астам жұмыс өтілі бар Хамзабек Жандос өзінің осы төтенше жағдайлар саласында қызмет ететініне еш өкінбейтінін айтады. «Біздің жұмыс оңай емес, күндіз-түні адам өмірі үшін арпалысамыз, шаршайтын да кездер болады. Бірақ ешқашан өкінген емеспін. Өз мамандығымды жақсы көремін. Адамдарға пайдам тиіп, қоғам үшін еңбек етуді борышым деп санаймын»,-деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.