БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЗДІК ТУЫНДЫЛАРЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

0 188

Қазақстан Жазушылар одағы «Samruk-Kazyna Trust» ( @samruk_kazyna_trust ) әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Айтұмар» Балалар әдебиетінің үздік туындыларының Республикалық байқауын ұйымдастырып отыр.

Байқауға шығармалар төмендегі үш жанр бойынша қабылданады:
— Проза;
— Поэзия;
— Драматургия.
Қатысушыларға арналған талаптар:
— Байқауға қолынан жазу келетін, 14-35 жастағы ҚР аумағында тұратын кез-келген қаламгер қатыса алады;
— Әр қатысушыдан тек бір ғана аталым бойынша шығарма қабылданады.
Жүлде қоры: 12 300 000 теңге

Әр аталым бойынша:

І орын (біреу) – 1 000 000 теңге
ІІ орын (екеу) – 800 000 теңге
ІІІ орын (үшеу) – 500 000 теңге

• Шығармалар 6 қазаннан 3 Қарашаға дейін қабылданады.

Қатысушыларды іріктеу критериилері:

— Байқауға компьютерде терілген шығармалар қабылданады. -Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны,шығармашылық өмірбаяны) ұсынылған қатысушы парағын толтырып жіберуі тиіс.
— Сапалы орындалған жұмыстар ғана қабылданады. (қолжазбалар байқауға жіберілмейді).
— Келіп түскен шығармалар сараптама кезеңіне нөмірленіп ұсынылады. Яғни сарапшылар авторға емес тек шығармаға баға береді.

Байқауға қатысушыларға ұсынылатын тақырыптар:

— Шытырман оқиға;
— Саяхат бағытындағы шығармалар;
— Қаһарман кейіпкердің бастан кешкендерін баяндайтын шығармалар;
— «Made in Kazakhstan»
— «Әлемге не бере аламын?»
— Баланың ойы мен қиялын ұштайтын туындылар;
— Әлем мойындаған отандастарымыз туралы шығармалар;
— Адамгершілікке, рухани дамуға бағыттайтын шығармалар;
— Өмірді сүюге құштарлығын арттыратын шығармалар,
— Фантастика;
— Ертегі жанрындағы шығармалар;

Шығарманың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

Поэзия: егер жанр поэма болатын болса 10-15 беттен аспауы тиіс. Егер өлең болатын болса 5 беттен аспауы тиіс. Шрифт көлемі — 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.
Проза: егер жанр повесть болса 30 беттен аспауы тиіс, әңгіме 10 беттен аспауы тиіс. Шрифт көлемі — 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.
Драматургия: 40 беттен аспауы тиіс. Шрифт көлемі — 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.
Байқауға компьютерде терілген шығармалар қабылданады. Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны,шығармашылық өмірбаяны) ұсынылған қатысушы парағын толтырып жіберуі тиіс.
Сапалы орындалған жұмыстар ғана қабылданады. (қолжазбалар байқауға жіберілмейді).

Келіп түскен шығармалар сараптама кезеңіне нөмірленіп ұсынылады. Яғни сарапшылар авторға емес тек шығармаға баға береді.

Қатысушы парағы толтырылған, «Айтұмар» байқауына» деген тақырып қойылған өтінімдер konkursaitumar2022@gmail.com электронды поштасында қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін: 8747- 286- 36- 96

Leave A Reply

Your email address will not be published.