Баға бақылауда

0 203

Соңғы бірнеше айда облыста азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Дегенмен облыс әкімдігі баға тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында нақты шараларды жүзеге асыруда.

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының төрағасы Нұрғали Көрпетаевтың айтуынша, бүгінде өңірлік тұрақтандыру қорында 2500 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар. Өнімдер Тараз қаласындағы 16 әлеуметтік дүкенде және ірі сауда орталықтарында («Дәмдес», «Сафият», «Дәмді себет», «Смарт», «Нұрислам», «Алма») өткерілуде.

2021 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 212,6 миллион теңгеге 2 324,5 тонна азық-түлік тауарлары, 30,5 мың бөлке нан, 334,8 мың тауық жұмыртқасы сатылған. Сондай-ақ Нұрғали Көрпетаев қосымша күріш, қарақұмық, қант, жұмыртқа сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Өткен жылдың қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатына деп несие беру іске қосылды. Бүгінгі күні осы жоба бойынша 4 кәсіпкерлік субъектісі несиелендірілді. Бұл тетік 18 түрлі әлеуметтік тауарлар бағасын тұрақтандыруда оң әсерін көрсетуде. Осы жоба аясында кәсіпкерлер «Дәмді себет», «Фиркан» дүкендер желілеріне, сондай-ақ әлеуметтік дүкендерге жалпы сомасы 458,2 миллион теңгеге 3,3 миллион дана жұмыртқа мен 1137 тонна басқа азық-түлік тауарларын жеткізді.

Сонымен қатар, облыста картоп өндірісін ұлғайту мақсатында 11 шаруа қожалығы қаржыландырылды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 144,8 миллион теңгені құрады. Қарыз шартының талаптарына сәйкес, шаруашылық-қарыз алушы жаңа егіннен жиналған картоптың 50 пайызын келісін 65 теңгеден аспайтын бағамен сатуға міндетті.

Сондай-ақ аудандардағы әлеуметтік дүкендерді қаржыландырудың басталғанын атап өткен жөн. Бұл да азық-түлік бағасының өсуіне тежеуші әсер етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 3 өтінім қанағаттандырылды.

Тараз қаласы мен аудандарда әлеуметтік дүкендер ашылғанынан хабардарсыздар. Ондағы барлық тауар қолжетімді бағамен сатылады. Алайда, кейбір кісілер сол жерден арзанырақ бағаға сатып алып, келесі жерде үстемақы қосып сатуы да мүмкін, ол өз кезегінде шын мұқтажға кедергісін тигізеді. Сол себепті, әлеуметтік дүкендерде барлық тауар белгіленген шектеулі мөлшермен ғана беріледі, – дейді Н.Көрпетаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.