Асыраушы сала алға басып келеді

0 204

Елімізде ауыл шаруашылығы саласына қойылған міндет ауқымды. Себебі аталған салада өндіріс ырғақты дамыса, елде азық-түлік тапшылығына қатысты проблема туындамайды. Сол үшін де өңірде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен ағын су немесе КСРО дәуірінен қалған ұңғымаларды табу, бұлақ көздерін ашу, тіпті болмаса жаңбырлатып, тамшылатып суару технологиясын қоладну арқылы суармалы жер көлемін арттыру, егіс алқаптарына неғұрлым жоғары сұрыпты дақыл себу, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік сақтайтын қоймаларды көптеп салу, ауыл шаруашылығы өнімі бойынша экспортты көбейтіп, импортты азайту, шетелдік өнімді ішкі нарықтан ығыстыру, азық-түлік қауіпсіздігін жою, ет, сүт, көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін цехтар ашу, ауыл шаруашылығы саласын  секілді тағы да басқа міндететемелерді жүзеге асыру қолға алынған.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, бүгінде аталған шаруалар біртіндеп болса да жүзеге асырылып жатқан жайы бар. Соның арқасында асыраушы салада жылдың алты айында қол жеткізген табыс көп. Мәселен облыс бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемі жыл басынан бері 77,2 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,3 пайызға жетіпті. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 3,2 миллиард теңге, нақты көлемі индексі – 104,5пайыз, мал шаруашылығында 73,9 ммилиард теңге, нақты көлемі индексі – 104,3 пайыз деңгейінде қалыптасыпты.

– Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі осы жылғы 6 айдың қорытындысымен 18,8 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,6 көлемінде өсімге қол жеткіздік. Былтыр бұл уақытта инвестиция көлемі 18 миллиард теңгені құраған болатын. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында табыс көңіл көншітерліктей болғанымен, жекелей алғанда Жуалы, Т.Рысқұлов, Қордай, Талас, Мойынқұм аудандары межені 100 пайыздан төмен деңгейде орындады.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі есепті мерзімде 2,2 миллиард. теңгені құрап, (2020 жылғы 6 айда 1,2 млрд тг) өсім 162 пайызға артты. Бұл бойынша Жамбыл, Қордай, аудандары әзірге көш соңында келеді. Аудандар бөлінісі бойынша меже жыл соңына дейін ойдағыдай орындалады деп күтілуде, – дейді Қайрат Тілеубайұлы..

Ауыл шаруашылығы салаларын әртараптандыру бағдарламасы аясында соңғы жылдары өңірде бос жатқан жерлер анықталып және орман қорындағы егін егуге болатын алқаптар зерделеніп, нәтижесінде астық, майлы дақыл, мал азығы, көкөніс және қант қызылшасы алқаптарының көлемін артыру қолға алынынғаны белгілі. Нәтижесінде ағымдағы жылдың өнімі үшін облыс бойынша 768,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, егіс көлемі 46,8 мың гектарға артыпты.

Оның ішінде 404,4 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 59,2 мың гектарға майлы дақылдар, 5,6 мың гектарға қант қызылшасы, 11,5 мың гектарға картоп, 42,6 мың гектарға көкөніс дақылдары, 15,0 мың гектарға бақша дақылдары, 230,1 мың гектарға мал азығы дақылдары және таңқурай мен құлпынай 155 гектарға орналастырылыпты. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 46,9 мың гектарға ұлғайған екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.