АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРІ

0 303

Т.Рысқұлов ауданындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің әр жылдардағы оқу орнын бітірген түлектері, дәлірек айтқанда, 1969-2004 жылдар аралығындағы отызға тарта сынып бітірушілер бастама көтеріп, мешіт жанынан қайырымдылық қорын ашты .

Ауылдың үш жүзге жуық азаматы ерте көктемнен бастап мешіт жанындағы асхана құрылысын өз күштерімен жүргізді. Мешіт асханасы бір қабатты болғанымен, оның үш жүзге тарта адам сиятын тамақтанатын залы, ас даярлайтын, сондай-ақ, азық-түлік қоятын бөлмелері бар. Оның жазғы асханалық бастырмасы да талапқа сай жұмыс істеп тұр.

Асхана салуға 15 миллион теңгеге жуық қаражат жиналып, соның барлығы асхананың керек-жарағына жұмсалды. Жастардың жұмыла көтеріп «асарлатып» жұмыс істеуіне ауылдың ақсақалдары да қолдау көрсетті. Ауыл қариясы Жомарт Жұматаев алғашқылардың бірі болып қорға 500 мың теңге берсе, кәсіпкер азамат Бақытқан Теңізбаев 1,5 миллион теңгенің жәрдемін жасады. Әлия Нәметқазықызы 560 мың теңге қаражат беріп, асхананың бүкіл жылу жүйесіне қажетті материалдарды сатып әперді.

Сондай-ақ, Мұсақан Қадыров, Еркін Молдажимов, Рүстем Нәдірқұлов, Жетпісбай Сарқытбаев, майтөбелік жерлесіміз Болат Смайылов, мектепті біткеніне 50 жыл болған түлектер де қорға қомақты үлестерін қосты. Асхананың құрылысын жүргізуге Мақсат Сейіткранұлы Әділов пен Мұхаметали Омашев үлкен ұйытқы бола білді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.