Ауыл тұрғындары екпе салуға белсенді қатысуда

0 134

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Қалиевтің айтуынша, облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1690-ды құраған. Пневмонияның 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 636,6. Соңғы тәуліктік өсім 0,2 пайыз. Жалпы 17 840 азамат індеттен сауығып шығыпты. Облыс аумағындағы 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізіліп жатыр екен.

– Облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адам КВИ-ге қарсы вакцинацина алуы тиіс. Өйткені облыс тұрғындарынаның ішінде осы адамдар екпе алған кезде ғана ұжымдық имунитет қалыптасып, індеттің таралу қаупі сейіледі. Індетті жеңудің жалғыз жолы — екпе салдыру болғандықтан және тұрғындар осыны жете түсінгендіктен, қазір екпе алушылар саны біртіндеп артып келеді. Мәселен 582 мың адамның қазір 75 пайыздан астамы екпе салдырды. Ол үшін облыстағы 43 егу пункті, тарқата айтқанда Тараз қалаындағы 15, аудандардағы 28 егу пункіті үздіксіз жұмыс істеп тұр.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 57 мың 70 доза KazVak – отандық вакцинасы 28 мың 535 адамға салынды. 341 700 доза Спутник V вакцинасының 1 компоненті және 361 070 доза 2 компоненті, 60 000 доза(30000 адамға)Хаят Вакс вакцинасы келді, 34 000 доза (17 000 адамға) КоронаВак вакцинасы, 88 000 доз (44 000 адамға) Синофарм вакцинасы.

Бүгінгі күнге 447 679 тұлға 1-ші компонентпен, 320 433 тұлға 2-ші компонентпенвакцинациядан өтті. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Бүгінгі күнге отандық вакцинаның 2400, Спутник V вакцинасының 1-ші компонентінен 455, 2-ші компонентінен 51 760 доза, КоронаВактың 2 турының 488 дозасы, Синофарм 1 тур 10 612 доза қалды. ХаятВакстың ешқандай доза қалған жоқ. Жалпы, өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы іс-шаралар тұрақты бақылауда, – деді Әсет Әскерұлы.

Облыстың бас дәрігерінің сөзінің жаны бар. Өйткені бұған дейін екпе салдыру ісі баяу жүргізілген аудандар соңғы уақытта белсенділік таныта бастаған. Мәселен Қордай ауданы әкімдігінің тарапынан ауыл тұрғындарына екпе салдырудың тиімділігін түсіндіру мақсатында түрлі сала мамандарын, зиялы қауым өкілдері мен еріктілерді жұмылдыра отырып, аудан аумағында екі ай үздіксіз жұмыс жүргізу бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Нақты айтқанда бүгінде аудандағы 24 елдімекеннің тұрғындары 100 процент екпе алып, ұжымдық иммуниетті қалыптастырып отыр. Мәселен Жанатұрмыстық тұрғындар 104 пайыз екпе салдырған. Бәйтерек ауылы да 100 пайыз вакцина алған. Сол секілді вакцинациялау көрсеткіші бойынша Күнбатыс2, Күнбатыс-1 100, Соғанды 100,6, Көгадыр 100, Әлжан ана 100, Шарбақты 100, Мұзбел 100, Жамбыл 100,2, Гвардейск 100, Қалғұты 100,5, , Алға 100,8, Сұлутөр 100, Отар 119,5, Көктөбе 100, Бел 100, Үлкен-Сұлутөр 100,4,  Анрахай 100, Степной 100,3, Қызылсай100, Арал 100, , Қайнар 100, Керу 100,8, Соғанды 100,6, Шарбақты 100 пайызды көрсетіп отыр.

Жалпы аудан бойынша екпе қабылдауға жататын тұрғындардың саны – 66 мың 685 болса, екпе егілгендер саны – 52686 адам, яғни көрсеткіш 79 пайыз.

Айта кету керек, аудандық орталық аурухандағы вакцинация кабинеттері үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, күнделікті жылжымалы вакцинация пункті және медициналық қызметкерлердің көшпелі бригадалары ауылдарға шығып, вакцинациялау жұмыстарын жүргізуінің арқасында елдің епе алуы артқан. Бүгінде Қордайлықтарға «QazVac», «Спутник V», «Sinopharm» вакциналары салынуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.