«Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысын тағайындаудың ережесі

0 96
  1. «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысын тағайындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»
    2015 жылғы9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып әзірленді және «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысынтағайындау тәртібін айқындайды.
  2. «Әулиеата үздігі»облыс әкімінің жастар сыйақысыоблысжастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда белсенді, азаматтық ұстанымы қалыптасқан,әртүрлі салаларда жетістікке жеткен жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.
  3. «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысы (бұдан әрі – сыйақы) жылына бір рет осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген номинациялар бойынша беріледі.

         4.Әр номинацияға ақшалай сыйақы тағайындалады және қатысып жатқан номинация түрі бойынша бұрын «Әулиеата үміті» байқауының жеңімпазы болғансыйақы иегерлеріқатыса алмайды.

  1. Сыйақы алуғаЖамбыл облысының 14 пен 35 жас аралығындағы жастары (35 жасты қоса алғанда), халықаралық, республикалық және облыстықжарыстардың, байқаулардың, олимпиадалардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, жүлдегерлері, қоғамдық өмірге белсенді араласқан, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдірубойынша жаңашыл бастамалар алып келген, жеке басының жетістіктері бар, өтінім берген номинация түрі бойынша жетістікке жеткеннемесе мәселені шешкен облыс жастары үміткер болып танылады.

         Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйақы алуға ұсынуға болмайды.

  1. Сыйақы алуға кандидатуралар ұсынуды жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
  2. Сыйақы арнайы құрылған «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысынтағайындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде беріледі.

Комиссия мемлекеттік органдардың, шығармашылық одақтардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалардың өкілдерінен және қоғам қайраткерлерінен, танымал тұлғалардан құралады.

Комиссия құрамы арнайы бұйрықпен бекітіледі.

Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және жетіадамнан кем болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.

Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

  1. Сыйақынытағайындау үш кезең бойынша ұйымдастырылады:

бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2023 жылдың 1-11желтоқсаны аралығында);

екінші кезең:сыйақы жеңімпаздарын анықтау(12-14 желтоқсан 2023 жыл);

үшінші кезең:сыйақы иегерлерін марапаттау(15-22 желтоқсан 2023 жыл).

  1. ҚатысушыКомиссияға мынадай құжаттарды қағаз және электронды түрде жібереді:

1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;

2) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу өтінімі;

3) мекемеден ұсынымдық хат;

4) өмірбаяны (3х4 фотосуретімен);;

5) жұмыс орнынан (оқу орнынан) анықтама;

6) «Мен осы сыйақықа неге лайықтымын?» тақырыбында жазылған эссе (кемінде 1,5-2 беттен);

7) 10х15 фотосуреті (1 дана, электрондынұсқасымен);

8) Соңғы екі жылда (2022-2023 жылы) алған марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмесі (болған жағдайда);

9) Соңғы екі жылдағы (2022-2023 жылы) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмесі (болған жағдайда);

11) Соңғы екі жылдағы (2022-2023 жылы) кандидаттың жетістіктерін растайтын өзге де материалдар (болған жағдайда).

Құжаттар портфолио түрінде беттеліп ұсынылады. Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды.

Ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

Ұйымдастыру алқасыкандидаттан келіп түскен құжаттарды қабылдап, одан әрі Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.

  1. Комиссияның сыйақы берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
  2. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
  3. Комиссия шешімінің негізінде сыйақытағайындау туралы Ұйымдастыру комитетіне ұсыныс беріледі.
  4. Сыйақытағайындау туралы шешім Комиссия хаттамасы қабылданған кезден бастап күшіне енеді. Сыйақытағайындау туралы шешім марапаттау рәсімі өткеннен кейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
  5. Сыйақы алған адамдарға «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысының иегері» атағы беріледі, диплом, статуэтка және ақшалай сыйақы табыс етiледi.
  6. Сыйақылар салтанатты жағдайда қолма-қол беріледі, марапаттау рәсiмi өтетін орын Ұйымдастыру комитетімен анықталады.
  7. Жеңімпаздыңстатуэткасы мен дипломының сипаттамасы ұйымдастыру алқасымен айқындалады.
  8. Мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 35, 2 қабат,байланыс телефоны: 8 (7262) 43-00-59, электронды мекенжай: ump_zhambul@mail.ru

«Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысын тағайындау ережесіне 1-қосымша

 

«Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысының номинациялары

         «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысы мынандай номинациялар бойынша тағайындалады:

  1. Үздік жас ақын
  2. Үздік жас журналист
  3. Үздік жас депутат
  4. Үздік жас педагог
  5. Үздік жас спортшы
  6. Үздік жас медицина маманы
  7. Үздік жас әнші немесе музыкант
  8. Үздік жас театр немесе кино саласының қызметкері
  9. Үздік жас құтқарушы
  10. Үздік жас әскери қызметші
  11. Үздік жас құқық қорғау қызметкері
  12. Үздік жас мемлекеттік қызметші
  13. Үздік жас өндіріс саласының маманы (зауыт, фабрика)
  14. Үздік жас кәсіпкер
  15. Үздік жас өнертапқыш

«Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысын тағайындау ережесіне2-қосымша

 

ТІРКЕУ ӨТІНІМІ

  1. Тегі ______________________________________________________

Аты ________________________________________________________

Әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________

  1. Туған күні, айы, жылы_________________________________________
  2. Ұлты ______________________________________________________
  3. 4. Ұсынушы ұйымның толық атауы _____________________________

_____________________________________________________________

  1. 5. Номинация түрі______________________________________________
  2. 6. Білімі _____________________________________________________
  3. 7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________

_____________________________________________________________

  1. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

  1. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтарға) ________________________
  2. 10. Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________
  3. 11. Байланыс телефоны ________________________________________
  4. 12. Электрондық поштасы ______________________________________

_________________      ______________________________                         20 __ жылғы «___» ____________

       (қолы)               Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Leave A Reply

Your email address will not be published.