Ардагерлер мүшелікке қабылданды

0 26
⚜️Бүгін “Ауыл”партиясына мүшелікке еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен үлес қосқан ардагер ағамыз Карентаев Амангелді ағамыз қабылданды.
⚜️Амангелді Карентаев-“Парасат”(2018ж),”Құрмет”(2003ж),”Құрмет белгісі”(1986ж),”ордендері мен Ерен еңбегі үшін”медалінің иегері,ҚР”Ауыл шаруашылығы саласының үздігі”,Шу,Байзақ,Мойынқұм аудандары мен Жамбыл облысының құрметті азаматы.
⚜️1991ж-Қазақстан Компартиясы Шу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы,
1991-1992 жж-Шу аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы,
1992-1995 жж-Шу ауданының әкімі,
1995-1998жж-Байзақ ауданының әкімі,
1998-2008жж-облыс әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы,
2008-2009жж-облыс әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешені мониторингі бөлімінің басшысы,тб жоғары лауазымдарда еңбек етіп, ауылды жерлердің дамуына үлкен еңбек сіңірген тұлға!
🌾”Ауыл”партиясы саналы ғұмырын ауылды дамытуға арнаған Амангелді Карентаев ағаны партия қатарына қабылдануымен шын жүректен құттықтайды!
🌾Сондай-ақ партияға өңірдің дамуына үлес қосқан бір топ ардагерлер мүшелікке қабылданды.
“Ауыл” партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы
Leave A Reply

Your email address will not be published.