ӘР АЗАМАТ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТУЫ ҚАЖЕТ

0 114

Бұған дейін хабарлағанымдай, өзімнің денсаулығым және жақындарымның қауіпсіздігі үшін ерікті түрде екпе қабылдадым.

Бірінші кезеңде екпе еккен мамандардың кеңесіне құлақ түріп, күтіндім, жылы жүрдім, бірнеше күн мұздай суға түскенім жоқ.

Соның арқасында екпе кері әсер еткен жоқ және қалыпты қабылдадым.

Енді екпенің екінші кезеңінде қабылдадым.

Мамандардың «Ем – екпеде, саулық – сақтықта» деп дабыл қаққанына бірнеше ай болды.

Соны түсініп, екпе қабылдағандардың қатары көп болғаны анық.

Бірақ, әлі де жекелеген азаматтар жеке жауапкершілік танытуы қажет секілді.

Ол үшін екпе қабылдаған дұрыс және карантин талаптарын барынша сақтаған абзал.

Кейде тұрғындар «екпенің екі кезеңін қабылдасам болды, бетперде тақпай жүре беруіме болады» деп айтып жатады.

Бұл қате пікір. Сақтансаң, сақтайды…

Екпе қабылдағаннан кейін де аурудан сақтану керек.

Себебі, қауіпті дерттің жұғуы тез әрі одан емделу ұзақ уақытты алуы әбден мүмкін.

Дерт дендемеу үшін бетперде киіп, арақашықтық сақтап, жиын-тойларды кейінге шегергеніміз дұрыс.

Мамандар өздері насихаттап, түсіндіріп жүрген соң екпенің тиімділігін түсініп, ұжымым екпе егудің бірінші кезеңінде белсенділік танытты.

Осылайша, ұжымдық иммунитет ұғымын қалыптастырдық.

Осы орайда, таныстарымды алып-қашпа әңгімеге емес, мамандардың нақты кеңесіне құлақ түріп, екпе қабылдауға шақырамын.

Денсаулығымызды күтейік, аман болайық, абыройлы болайық!

Дәурен Шалбаев, Сарысу аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.