Ақтөбеде жоғары лауазымды полицей ұсталды

0 233

Ақтөбеде полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы ұсталды. Полковник Евгений Годлевский ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

Телеарна мәліметінше, жоғары лауазымды полиция қызметкерінің ұсталуы көбіне тосын жағдай болды, себебі Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар. Күзде ол зейнетке шығады.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері қамауға алу туралы деректі растады, бірақ басқа ақпарат бермеді. Департамент басшысы әлеуметтік желілерде тергеу басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде бірқатар заңбұзушылық анықталғанын ғана жазды.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.