Ақтөбеде домбыраны қорлаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

0 36

Ақтөбе қаласының соты діни алауыздықты қоздырды және азаматтардың ұлттық ар-намысы мен діни сезімдерін қорлады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы сәуір айында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – домбыра туралы қорлайтын сөздер айтып, оған қатысты қоғамда теріс пікір қалыптастыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.

Сонымен қатар, діни тақырыптағы эфир кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлеріне тіл тигізіп, оларды қорлайтын сөздер қолданғаны анықталды. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот айыпталушының шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде бағалады.  Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

qandastar.kz порталы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.