Ақтөбе облысында үш жасар бала көліктің ішінде өртеніп кетті

0 220

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында автокөлік өртеніп, бір бала көз жұмды екіншісі қатты күйік алды.

 

16 маусым күні Әйтеке би ауданы Еңбек ту кентінде екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» автокөлігінің салонында ойнаған. Полиция басқармасының мәліметінше, көлік өртеніп кетіп, балалардың біреуі көліктен шыға алмай қалған.

“Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп кетті. 7 жасар бала жанып жатқан көліктен шығып қатты күйік алған. Ал оның 3 жасар інісі көліктен шыға алмай, өртеніп кетті. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда”, – деп хабарлады облыстық полиция басқармасының бастығы Атығай Арыстанов.\

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.