Ақмола облысында күн жылынғалы 50-ге жуық адамды кене шаққан

0 94

Ақмола облысында күн жылынғалы бері 50 адамды кене шақты, оның арасында 14 бала бар

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өткен аптада 42 адам (оның ішінде 10 бала) медициналық ұйымға көмек сұрап жүгінген. Кене шағу фактілері Сандықтау, Зеренді, Бурабай аудандары және Көкшетау қаласы аумағында тіркелген.

«Облыста Сандықтау ауданы кене инфекциясының табиғ ошағы болып табылады. Өткен жылы бұл ауданда 3 кене энцефалиті тіркелді. Бурабай ауданында 2 кене энцефалиті және 1 кене боррелиозы анықталды», – деді ведомстводан.

Мамандардың айтуынша, кене шағу науқаны сәуірден қыркүйек айына дейін жалғасады. Кене орман ішінде ғана емес, қала саябақтары мен скверлерінде де кездеседі.

«Ауыр зардаптардың алдын алу үшін кенеден қорғаудың қарапайым ережелерін сақтау қажет. Денені және бас киімді мүмкіндігінше жабу, арнайы репелленттерді қолдану, орманда немесе саябақта серуендеу кезінде әр 15-20 минут сайын өзіңізді және басқа отбасы мүшелерін тексеріңіз», – дейді мамандар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.