Алматыда 4 жасар баланы самокатпен қағып кетті

0 425

Алматыда тротуарда самокат айдап кетіп бара жатқан қыз бен жігіт төрт жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2 мамыр күні Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында орын алған. Көп ұзамай полиция кінәліні тапты. Ол 24 жастағы Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты.

«Ер адам кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қағып кеткен соң қашып кеткенін айтты. Самокат жүргізушісінің жанында қызы болғанын айтты. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі «Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.