Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді соққыға жыққан (видео)

0 316

Алматы облысында жүргізуші төбелес шығарды. Оқиға Іле ауданы Боралдай кентінде болған

Куәгерлердің сөзінше, «Водник» ықшамауданындағы базардың алдынан жылдам өте қоймаған екі жаяу жүргіншіге «Ниссан» маркалы, мемлекеттік нөмірі «415 ALU 05» көлігіндегі жүргізуші жұдырық ала жүгірген. Жол ортасына машинасын қоя салып төбелес шығарған жүргізушінің кесірінен көлік кептелісі пайда болған. Ашулы жүргізуші  адамдардың  ажыратқанына да,  халықтың айқайына да қарамаған. Көлігін жолдан алуды талап еткен халықтың наразылығынан соң, жүргізуші  төбелесті жолдың шетіне шығып жалғастырған.

«Бұл жүргізуші осы Боралдайда тұрады. Осылай жолдағы адамдармен төбелесіп жүретін бұзық жігіт», — дейді куәгерлер.

Қоғамдық тәртіпті бұзған жүргізуші жаяу жүргіншіні бірнеше рет жерге құлатып, ауыр соққылар жасайды.

Төбелес 1 мамыр күні сағат 19:20 шамасында «Алатау» базарының алдында болған. Кептелістің кесірінен жедел жәрдем көлігінің дабыл қосып, өте алмай тұрған. Қарсыласына соққы жаудырып, бетінен тепкілеген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматы облыстық ПД аталған жағдайға қатысты мән-жайды анықтап жатқанын айтты.

azattyq-ruhy.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.