Алғашқы медициналық көмекті әр адам меңгеруі тиіс

0 162

«Жазым табан астында» дейді қазақ. Қандайда бір оқыс жағдайға біреу тап бола қалса, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге келгенде талайымыздың абдырап қалатынымыз анық. Медицина саласындағы қарапайым көмектің осы түрі кез келген адамның қолынан келе бермейтіндіктен, қауіпке душар болған кейбіреулердің болмайтын жерде көз жұмуы немесе денсаулығына зақым келуі мүмкін. Ал адами қасиетке жүгінсек, ең басты мақсат адам өмірін құтқару екені анық. Сол үшін де әрбір адамның малғашқы медициналық көмекті меңгергені дұрыс.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерін қабылдау барысында осы мәселені тілге тиек етті. Аталған кездесуде өңір медицинасының бүгінгі мүмкіндігі мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрінің жаңғыруына қатысты келелі ойлар айтылды.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуразиялық орталық офис басшысы Мелита Якаб ханым бастаған аталған ұйым өкілдері өңірімізде екі-үш күннен бері жұмыс сапарымен жүр. Одан бөлек елге белгілі қоғам қайраткері, профессор, Қазақстан Республикасы бастапқы медициналық көмек «Primary Heath Care» Ұллтық Ассоцация президенті Төлепбай Рақыпбеков те осында. Осы кісі басқаратын аталған ассоцациямен біз қазір серіктес ретінде жұмыс істеп жатырмыз. Мұндағы басты мақсат медицина саласындағы жаңалықтар мен жаңа технологияларды, әлемдік озық тәжірибені өзімізге енгізу. Халыққа ең бірінші керекті мәселе алғашқы медициналық көмек көрсету.

Бұрнағы күні Тараз қаласы мен Жамбыл, Меркі аудандарында медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі үздік практикалық орталықтар ашылды. Егер біреу қандайда бір оқыс оқиғаға тап болса, оған көмек қолын созуды әрбір адам білуі тиіс. Аталған орталық өңір азаматтарар  өңір азаматтарына осыны меңгертумен де айналысады, – деді Бердібек Машбекұлы.

Жиын барысында Мелита Якаб сөз алып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметін дамытуға қатысты өз пікірін білдірді.

– Біз Меркі ауданындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының ашылуына қатыстық. Сол арқылы біз Қазақсатнадғы және сол өңірдің медицина саласының даму деңгейі мен әлеуетінің жақсы жағдайға көтерілгеніне көз жеткіздік. Аталған медициналық орталық арқылы біз жарқын жоба мен үлкен бастама инновацияны игілікке айналдыра алғанының куәсі болдық. Бұл орталық халықтың тілегі мен үдесінен шыға алатынына ондағы сапаның кепіл болатынын нық сеніммен айта аламын. Қазақстан әлемге алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша 2018 жылы Астана декларациясын ұсынған ел. Сондықтан Қазақстан дүниежүзіне алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы әлемдік және өңірлік көшбасшы ретінде танылып отыр, – деді ол. Жиында ДЖСҰ өкілі, Қырғыз республикасынан келген Марат Искаков, Қазақстан Республикасы бастапқы медициналық көмек «Primary Heath Care» Ұллтық Ассоцация президенті Т.Рақыпбеков пайымды пікірлерін ортаға салды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.