Әлеуметтік сала әлденіп келеді

0 146

Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының тұрмысын түзеу бағытында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарып жатқан шаруасы жетерлік. Биыл әлеуметтік сала мамандарына берілетін «Отын сатып алуға» жергілікті бюджеттен 40,2 миллион теңге қаражат бөлініп, 2477 маманға 28901,6 мың теңге төленіпті. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 909,5 миллион теңге қаражат бөлінген екен. Жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін 957 отбасының 5131 адамына 142,7 миллион теңге тағайындалып, 946 отбасының 5089 адамына 121 миллион теңге берілген.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы С.Умееваның айтуынша, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға барлығы 401,0 миллион теңге қаралыпты. Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларына өнім жеткізуші жеке кәсіпкер Г.Нишановаға атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға тапсырыс беріліп, 15 ауылдық округтерге азық түлік жиынтығы және тоқсанына 1 рет берілетін тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы таратылып беріліпті. Маусым айына 1 жастан 6 жасқа дейінгі 820 балаға азық түлік жиынтығына және 19 тұрмыстық химия тауарлар жиынтығына тапсырыс беріліпті.

– Тұрғын үй көмегі бойынша жергілікті бюджеттен 4,0 миллион теңге қаражат бөлінді. Тұрғын үй көмегі 26 отбасының 142 адамына 535,1 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге биылғы жылға 39,2 миллион теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражат бұл амбулаториялық ем қабылдайтын туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекке қарастырылған. Бүгінгі күнге аудандық орталық ауруханасының тиісті анықтамасына сәйкес 37 адамға 4752,0 мың теңге төленді. Бір жолғы әлеуметтік көмек  3 адамға 90,0 мың теңге берілді. Сонымен қатар 1 мың 69 обасының құрамындағы 5 мың 93 адамға көлемі 16032,5 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді, – дейді ол.

Бұдан бөлек «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасы бойынша мамыр айына жергілікті бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың қаражатын төлеу үшін 5000,0 мың теңге қаражат аударылған екен. Жалпы мамыр айында 815 қорап таратылыпты. «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасына негізінде де мамыр айында төленбеген республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмектің қаражаты 21426,0 мың теңге көлемінде 612 адамға толық аударылыпты.

451006015 «тұрғын үй жәрдемақысы» бағдарламасына коммуналдық қызметтерді төлеуге өз қауқары жетпейтін азаматтардың табыстарын есептей келе біржолғы әлеуметтік көмекке 205,0 мың теңге төленді.

451007015322 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бойынша жергілікті бюджеттен мамыр айында пробация есебінде тұрған азаматтарға 60,0 мың теңге қаражат аударылыпты. Осы тектес басқа да төлемдер бойынша барлығы 54081,6 мың теңге қаржы қаралса, оның 54069,0 мың теңгесі игерілген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.