АКЦИЯ АЯСЫНДА 390 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

0 47
Ағымдағы аптада кезекті аппараттық кеңес өтіп, оған аудан әкімдігіне қарасты бөлім мен мекеме басшылары, қала және ауыл әкімдері қатысты. Кеңес барысында бірқатар бөлім мен мекемелердің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары тыңдалды.
Ең алдымен аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау туралы баяндады. Аталған акцияға екі мыңға жуық адам мен 40-тан аса кәсіпорындар мен мекемелер атсалысты. Сондай-ақ, 140-150 шақырым көше жолдары және саябақтар тазартылып, 390 тонна күл-қоқыс шығарылды. Десе де, өңіріміздегі тазалық мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Осы ретте, тазалық жұмыстарына тұрғындарды да белсене атсалысуға шақырамыз.
Бұдан кейін Қорағаты ауылдық округінің әкімі мен аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің басшысы баяндама жасап, ауылда атқарылған жұмыстар, шешімін күткен түйткілдер, жазғы маусымдағы қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды
Leave A Reply

Your email address will not be published.