Ақын Ғайни Әлімбекқызы өз таңдауын жасады
Бүгін елімізде алғаш рет Құрылтай сайлауы өтуде. Соған орай белгілі ақын, журналист, Халқаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы «Ұлы дала» шағынауданында орналасқан №505 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
– Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Бұл – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Сайлаудан күтеріміз көп. Ең бастысы, халықтың үмітін ақтап, елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған игі бастамалар жүзеге асса екен деймін. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес, – деді ақын.
Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде барлығы 2 494 сайлаушы болса, оның ішінде 18 жасқа енді толған 34 адам алғаш рет өз таңдауларын жасайды.