Түркістан облысында 14 жастағы жеткіншек үйінен шығып, қайтып оралмаған

0 302

4 маусымда Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны өзінің арызында 14 жастағы қызының жоғалғанын айтып Жетісай АПБ-ға арызданған.

Ол өз арызында 14 жасар қызы 04.06.2021 жылы түскі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмағанын жазып көрсеткен. Аталған жайт бірден Жетісай АПБ-мен тіркеуге алынды. Қазіргі таңда ЖПҚ УПИ-мен жасөспірім қызды тез арада табуға байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жетісай ауданының әкімшілігі қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты іске асырылуда.

Осы тұста өңірлік полиция барлық тұрғындар мен қонақтардан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұрауда.
Қыздың үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киім киген. Қолында қара түсті «Самсунг Дж-2» маркалы ұялы телефоны болған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.