«Ақылы жолға қарсымыз»: Маңғыстаулық жүргізушілер тағы да наразылыққа шықты
Маңғыстау облысында жүргізушілері үшінші рет ақылы жолдарға қарсы наразылық акциясына шықты.
Бұл жолы жеңіл көлік иелері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне қосылды. Жүргізушілер Ақтау қаласының маңындағы тас жолды жауып тастаған.
«Бүкіл Қазақстан ақылы жолға қарсы. Біз де олармен біргеміз, сондықтан наразылығымызды білдіру үшін жиналдық», — дейді наразылық білдірушілер.
2021 жылғы маусымнан бастап жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 18 жол ақылы жолға айналады.
Ақылы жолға қарсы митингтер Қазақстанның әр аймақтарында өтіп жатыр. Бұған дейін Атырау мен Шымкенттің жүргізушілері наразылық акцияларына шыққан.