«Ақша тауып, көлік сатып аласың»: Адайбекова өзін көре алмайтындарды ұятқа қалдырды

0 237

Жақында ғана алғаш рет ана атанып, артынан жолдасымен айырылысып кеткенін хабарлаған Айжұлдыз Адайбекова өзін көре алмайтын адамдарды ұятқа қалдырды. Жас дизайнер желіде олардың өзіне жазған жағымсыз хаттарын жариялап қойды .

Айжұлдыз Адайбекова хейтерлердің өзіне жағымсыз пікір жазып жүргенін Instagram парақшасында айтып берді. Аткриса желіде сәбиінің киімін көрсетіп, сары түс өзінің ең сүйікті түсі екенін жеткізді. Алайда, жас ананың жазбалары барлығының көңілінен бірдей шыға қойған жоқ.

Кейбір желі қолданушылары өнер иесіне жағымсыз пікір жолдап үлгерген. «Сен сияқтылардың жолы болғыш. Мен бала туғым келеді. Бірақ, әзірге қолымнан келмей жатыр. Оған қоса, ақша тауып, көлік сатып аласың. Бұл барып тұрған әділеткіздік.

Кетші бар», — деп жазған оқырмандардың бірі. Айжұлдыз Адайбекова үнсіз қалмай, өзін көре алмайтын жанға жауап берген. «Көреалмаушылық — cіздің қас жауыңыз. Осыны есіңізде сақтаңыз», — деді дизайнер.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.