Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
«Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі – елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», – ден сенім білдірді Президент.
Бұған дейін Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирінде қазақстандық Жансая Әбдімәлік ел тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізген. Шахматшы үлкен додалардағы жетістіктерінің арқасында ер гроссмейстердің нормасын орындап тастады. Ол Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азияда осындай атаққа жеткен тұңғыш бұрымды болып отыр.
Бұл жетістікке Қазақстаннан соңғы рет 2009 жылы Ринат Жұмабаев жеткен еді.