Жүк көлігі жүргізушілерінің жанайқайы: Артур Платонов ақылы жолдардың проблемасын айтты
Ақылы жолдар арқылы жүк тасымалдайтын жүргізушілердің наразылығы әлі де жалғасып жатыр.
Депутат жүк көлігі жүргізушілерінің мәселесін шешуді Nur Otan партиясы бақылау комитетінің отырысында талқыға салды.
Ол проблеманы шешуді кейінге қалдырмай, жүргізушілердің мәселесін бүгін шешу керек деген талап қойды.
«Еліміздегі ақылы жолдардың сапасы сын көтермейді. Тақтайдай тегіс болуы тиіс жолдар шұрық-тесік. Жолдың сапасын қадағалайтын жауаптылар қайда қарағаны, жол сапасын қалай тексергені беймәлім. Бізде жолдың «жыры» бітпейді. Есеп-қисапта «бәрі керемет» деп жазылғанымен, ақылы жолдардың аты затына сай емес. Сондықтан ауыр жүк көлігі жүргізушілерінің жанайқайына құлап түріп, мәселені тез арада шешу керек», – деді Артур Платонов.