Әйелдер саябақта тегін аттракцион үшін төбелесті
Қарағандыда Балаларды қорғау күні саябақтағы тегін аттракцион жанында төбелес болды.
Бір күн бұрын әкімдік сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін ойнай алатынын хабарлады.
Оқиғаның мән-жайын әкімдік өкілі түсіндірді.
«Орталық саябақта тұрғындар карантин нормаларын сақтамады. Сондықтан Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – дейді әкімдік өкілі.