31 мамырда жоғалған адамның денесі Алматыда Сайран көлінен табылды
31 мамырда Сайран көлінде жоғалған марқұмның денесі Алматыда табылды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Мәйіт табылды, кім екені анықталуда», – деп хабарлады сейсенбі күні ТЖД.
Еске салсақ, 31 мамырда 17.30-да ер адам Сайран көліне түсіп, одан қайтып шықпаған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын бастады.
ТЖД атап өткендей, Сайран бүгінгі таңда демалушыларды қабылдауға әлі дайын емес, ол тек 50% ғана толған.