Даулы шешім: Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар наразылығын қалай көрсетті?
Қазақстан құрамасының боксшылары 2021 жылғы Азия чемпионатында жеңіп алған жүлдесін тағудан бас тартты, ал кейбіреулері марапаттау рәсімінде суретке түскен жоқ, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Алғашқы болып суретке түсуден бас тартқан қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов. Ол жеңімпаздардың дәстүрлі суретке түсу рәсіміне қатыспады. Қазақстандық спортшы жекпе-жекті толық аяқтай алмаған. Ол марапаттау кезінде жүлдесін тағудан бас тартты.
Кейін Әбілхан Аманқұл дәстүрлі суретке түскенімен бірнеше секундтан кейін тұғырдан түсіп кетті. Ол финалда өзбекстандық қарсыласынан нокдаунға түсірсе де жеңісті қарсыласы алған. Ол марапаттау кезінде бір сәтке ғана басқа жүлдегерлер қатарында тұрып, кейін кетіп қалды.
2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит те Азия чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдені марапаттау рәсімінде тағудан бас тартты, ал суретке түсу рәсімі келгенде ол кетіп қалды.
Бірақ команда капитаны Қамшыбек Күнкубаев жүлдесін тағып, бірлесіп суретке түсуден де бас тартқан жоқ.
Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында бірде бір алтын медаль алған жоқ. Күмісті Даниял Сәбит, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Василий Левит және Қамшыбек Күнқабаев жеңіп алды. Қола жүлдені Сәкен Бибосынов иеленді.