Меруерт Түсіпбаева енелерді сынап тастады

0 222

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева  жиі талқыланатын тақырыптардың бірі келін мен ене мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Әнші жаңа түскен келінді күң сияқты ұстайтын енелерге  сөз арнады.

Өнер иесі Сарыағашқа келін болып түскен кезіндегі өз оқиғасын да айтып берді. Әнші Түсіпбаева  Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, еліміздегі енелерге ерекше үндеу жасады.

«Осы өзекті тақырып аясында әңгіме көп. Біз, қазақтар: “Ұят болады“ деп жылы жабамыз. Айжұлдыз, ажырасуының себебін ашық айтты! Келісемін! Келін- үй шаруасымен айналысатын жұмысшы емес! Сол келін, бұрын сол үйде болмағанда, әлі келін болып түспей жатқанда, еден жуылып, шаң сүртілді емес пе?! Аш отырған ба, сонда, сол үйдің адамдары, келіннің түсуін күтіп?! Мен, өз басым, біреудің алақанға салып өсірген қызын, өзге босағаны аттай сала, жұмсай жөнелгенді құптамаймын! Казіргі жастардың денсаулығы да жарамайды оған.

Атам заманда, «Сарыағашқа» келін болып түскенімде, беташар біте сала қайын апам, шаңсорғышты меңзеп: «Тазала» – дегені әлі есімде.

Адаптация қайда сонда?! Бөтен ортаға түсіп, онсызда мазасыз күй кешіп тұрған нәзік жандыға – бәрі стресс! Мен, талай рет сұхбат бергенде айттым: «Мен, бір күн, келініммен тұрмаймын» деп . Ол, болашақ келінімді немесе баламды жақтырмағанымнан емес! Бір тал балам- көзімнің ағы мен қарасы.

Жаңа ғана отбасын құрған, екі жас, өздерімен өздері болып, бір- бірімен тіл табысу керек, басында. Жоқ! Бізде, келінді құң қылып, екі жастың ортасына килігіп, ( әсіресе аналары) жаңа өмірге, жаңа уйренісіп жатқан жастардың есін шығарады! Ол – қате! Соның кесірінен Қазақстанда ажырасу көп! Жастарға еркіндік беріңдер! Өз сезімдерін тексеріп көруге мүмкіндік беріңдер! Оларды жайына қалдырыңдар! Өз өмірлеріңмен өмір сүріңдер! Менің айтарым осы», – деді Меруерт Түсіпбаева.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.