Сарысулықтардың әлеуеті артып келеді

0 12

Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізу, алғаш егеменді ел атанғандағы аумалы-төкпелі заманда қиындыққа мойымай биік белестерді бағындыру қазақ елі үшін оңайға соққан жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара саясаты мен қазақстандықтардың бірлігінің және халықтың Ұлт Көшбасшысына үлкен сенім артып, оның соңынан ере білуінің арқасында осы күнге жеттік. Қоғам дамуының осы бір күрделі кезеңінде тәуелсіздіктің, егемендіктің, дербес дамудың дәмі қанша тәтті болғанмен де, осы сара жолға түсудің сарысулықтар үшін қиындығы мен шырғалаңы аз болған жоқ. Соның бірі – 1997 жылы Сарысу ауданы мен Жаңатас қаласы біріктіріліп, аудан орталығы Жаңатас қаласы болып белгіленгенде аудан орталығындағы қаңыраған үйлер мен экономикасы тұралаған ауданның ахуалына қарап, тұрғындар Сарысу өңірінің бүгінгідей өркендеп, гүлденетініне сене қойған жоқ. Әйтсе де еңбекқор халық пен білікті басшылардың еселі еңбегінің арқасында ауданның экономикалық әлеуеті біршама өсті. Тәукелсіздік алған 30 жыл ішінде ауданның әлеуметтік-мәдени саласы жылдан-жылға жақсарды. Мектептер, мәдениет үйлері көбейді. Қазақстанның егемендік алуымен, тәуелсіздікке қол жеткізуімен бірге аудан тарихының жаңа парақтары ашылды, — деп хабарлайды «Sheraga.kz» ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда ауданның 9 ауылдық округіне қарасты 25 елді мекен мен аудан орталығы Жаңатас қаласында 44 455 адам күн кешіп жатыр. Сарысулықтардың жағдайының бір шама көтерілуіне ауданда бос жүрген азасматтарды жұмыспен қамту және кедейшілікпен күрес бойынша жоспарлы іс-шаралардың қолға дер кезінде алынуы да септігін тигізді.

Мәселен осы жылдың 4 айында 4032 адамға 75,3 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Мүмкіндігі шектеулі 608 азаматқа көрсетілетін әлеуметтік көмектер бойынша 4  айда игерілген қаржы – 50,3 миллион теңгені құрады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны4 айда – 1751-ге жетсе, оның ішінде 1402-сі ауыл тұрғындары. Ендігі мақсат – 1 мамырдан бері жұмыссыздар есебінде тұрған 986  азаматтың екі қолына бір күрек тауып беру. Аталған бағдарламасы аясында жұртты несиелік қаражаттармен қамту бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және агронесие серіктестігіне 47 жоба ұсынылған болатын. Оның 4-еуі үшін (22 млн.теңге) несие беріліп қойды. Ал, қалған 43 жобаны іске асыру үшін 280 миллион теңгеге азаматтар өз өтініштерін білідіріп қаржы ұйымдарына жолдама алды.

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.