«300 мың теңге кредит» – күнін көре алмай отырғандардың қарызы тағы да кешіріле ме?

0 415

Себебі, 300 мың теңгені кешіру жеңілдігін пайдаланып үлгермеген азаматтар бар.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» үкіметтің 2019 жылғы 15 шілдедегі №520 қаулысына өзгерістер енгізуге арналған құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Тұрмысы төмен отбасылар кредитін төлей алмай отыр.

«Қолданыстағы қаулыда көзделген мерзімдер аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауына байланысты берешегі өтелмей қалған адамдар анықталды» делінген жазбада.

Осыған орай «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығы негізінде берілетін жеңілдік мерзімін ұзарту ұсынылып отыр.

Кредиттік амнистия жеңілдікті алып үлгермеген азаматтарды қамтып, олардың қаржылық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.

Құжатты 14 маусымға дейін талқылауға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.