Ғалым COVID-26 және COVID-32 болуы мүмкін екенін айтты
Америкалық ғалым және коронавирус пен жұқпалы аурулар бойынша сарапшы Питер Хотез COVID-19-дың қалай пайда болғаны зерттелмеген жағдайда COVID-26 және COVID-32 болатынын айтты.
«Бұл XXI ғасырдағы үшінші ірі эпидемия не пандемия. Қазіргі — үшінші. Табиғат ана егер коронавирустың қалай пайда болғанын анықтамасақ, COVID-26 және COVID-32 болатынын ескертіп жатыр», — дейді ғалым.
Маман жаңа коронавирустың пайда болуын зерттеу керегін атап өтті. Ол үшін індет басталған Уханға вирусологтар мен эпидемиологтарды жіберу керек. Бұл жерде ғалымдар мәліметтер мен қажет үлгілерді жинай алады.