Түркістанда жоғалған 7 турист жігіт туралы дың деректер жарияланды

0 218

Түркістан облысында тауға кеткен 7 жігіт үш тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. Жас туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу  жетуді көздеген, деп хабарлады «Астана» арнасы.

Жеті адам Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы бірнеше шыңды бағындырып қайту үшін 21 мамыр күні жолға шығып кеткен. «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алғандар үш күннен соң, 24 мамырда кері қайтуға тиіс еді. Бірақ оралмаған. Олардың жоғалғаны туралы құтқару қызметіне хабар 25-мамыр күні кешкі 18:30-да берілген. Іздеуге елуден аса адам жұмылдырылған.

Таулы аумаққа тікұшақпен барлау жасалып жатыр. Төтеншеліктер, ұлттық парктің атты қызметшілері,  шекара қызметіндегілер, полицейлерден бөлек жоғалғандардың туыстары да іздеу жұмыстарына қосылды.

Белгілі болғанындай, жеті адамның алтауы – студент. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаевтың дерегінше, жоғалған жастардың екеуі Ақтөбе, біреуі Атырау облысынан, ал қалған  екеуі Орал мен Жезқазған қаласының тумасы.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.