Тұрмысы төмен отбасылар үшін тұрғын үй бағдарламасын іске қосу ұсынылды
Мәжіліс депутаттары жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұсынды.
Ол жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналуы тиіс. Жаңа бағдарлама құру ұсынылды Елімізде жағдайы төмен отбасыларға жаңа тұрғын үй бағдарламасы түзілу керек. Жеңілдетілген пәтер үшін алғашқы жарна сұралмауы тиіс. Тіпті несиеге пайыздық мөлшерлеме белгіленбеуі қажет. Қазақстан халық партиясының депутаттары осындай бастама көтерді. Олардың ойынша қазіргі мемлекеттік бағдарламалар табысы жақсырақ азаматтарға арналып жасалған.
Ал жағдайы төмен отбасылар мен ерекше бала өсіріп отырғандар үшін тиімсіз. Мәжіліс депутаты Айжан Скакова мұндай жандардың өздеріне үй салу мүмкіндігін беру керек. Сайлауалды бағдарламада да бұл партия әр отбасыға 20 сотық жерден бөліп беру жайын көтерген болатын. Енді халық қалаулылары сол уәделерін орындауға кіріскен сыңайлы.