Кешенді әлеуметтік заң көмегі
Кешенді әлеуметтік заң көмегі болып клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін көрсету табылады.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, жасына байланысты зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге, қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда жүрген өзге де адамдарға көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
Заң көмегін өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары, заң көмегін көрсетіп жеке тұлғалар көрсетеді.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін алу үшін жеке тұлғаға жеке куәлік, кешенді әлеуметтік көмек алуға құқығын белгілейтін құжат ұсынуы қажет.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін алуға жүгінуге болатын мекен-жайлар:
Жамбыл облысы адвокаттар алқасы
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 51
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі заң консультациясы
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Койгельды көшесі, 158 А
№2 Заң консультациясы
Мекен-жайы: 4 мөлтек аудан, 31 үй.
Жамбыл облысы заң консультанттары палатасы
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Сулейманова көшесі 17 А
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Достық алаңы 1
Құқық қорғау қызметтері орталығы
Мекен-жайы: Тараз қаласы Койгелді көшесі 190
- Е.Үдербаев,
- Жамбыл облысы
- Әділет департаментінің бас маманы