Депутаттар тікелей эфирде төбелесіп қалды
Украинаның «Ережесіз саясат» саяси ток-шоуының эфирінде төбелес болды.
Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Олег Барна «Слуга Народа» фракциясындағы әріптесі Дмитрий Соломчукке жұдырық ала жүгірді. «Ресейлік Весна| Донбасс|Сирия|Жаңалықтар» telegram-арнасының хабарлауынша, төбелеске кәдімгі дау себеп болған. Трансляция кезінде екі саясаткер арасында Украина аумағында жер нарығын іске қосудың қаншалықты орынды екендігі туралы дау туған. Олар көп ұзамай бір-біріне ауыз сөздер айтуды бастаған. Сөзі аяқталғаннан кейін Барна орнынан тұрып, Соломчуктың басынан жұдырығымен бірнеше рет ұрған. Тележүргізуші оларды тоқтатуға шара жасады. Қарсыластар, тіпті, бір-бірінен алшақтатылғаннан кейін де ауыр сөздер айтуды тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде саясаткерлер студияның әр түрлі бағыттарына жайғасты. Сонымен қатар эфир жалғасын тапты.
© Oinet.kz