Ол маған ұнамайды: Блогер қыз өзін ұнатқан Алмас Кішкенбаевқа жауап берді

0 247

Блогер қыз Әйгерім Абдуллаева Алмас Кішкенабевтың сезіміне жауап берді. Нағыз махаббатқа сенемін деген бойжеткен әншіге деген ешқандай сезімінің жоқ екенін ашық айтты. Алайда өнерін қолдағаны үшін алғысын жеткізді.

Бұл туралы «Опмай-опмай» бағдарамасында айтылды.

Алмас Кішкенбаев блогер Әйгерім Абдуллаеваның өнерін бағалап, тіпті өзінде де қыз ретінде ұнатып қалғанын көпшілікке жариялаған еді. Алайда блогердің өзімен кездесіп, сөйлесіп көрген емес. Әйгерім бұл жайттан хабардар. Жауабы да дайын.

«Менің дәл қазір жігітім жоқ. Мен Нұрдәулетпен жай ғана доспын. Оның да басы бос. Алмас Кішкенбаевтың мен туралы жазғанын оқыдым. Мен мұны әзіл деп ойлаймын. Хайп деп ойламаймын. Жай ғана әзілдеген. Менің әнімді ұнатқан шығар. Маған қолдау көрсеткеніне алғысымда айтамын. Бірақ егер маған сөз айтса, мен қабылдамас едім. Себебі жігіт ретінде ұнатпаймын», — деді блогер.

Айтуынша, өзі нағыз махаббатқа сенеді.

«Адам жақсы көрсе, жасына да, жағдайына да қарамайды. Сондықтан мен нағыз махаббатқа сенемін», — деді Әйгерім.

Әйгерім Абдуллаеваның желідегі парақшасында 2 миллионнан астам оқырманы бар. Блогер ретінде танымал. Өзі ән айтқанды ұнатады. Жақында әніне бейнебаян түсіріп, әншілік қырын көрсетті.

«Кей адамдар сын айтып жатады. Блогер әнші болып кетті, аузы бардың бәрі әнші деп сынайды. Мен бала күнімнен әнге жақынмын. Сондықтан ән айттым. Әншілердің нанын тартып жеп жүрген жоқпын. Әркімнің өз қалауы бар», — деді ару.

STAN.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.