Әкімдердің ауыс-түйісі Қостанайдан басталады ма?

0 1 225

Әлеуметтік желіде Ербол Мәндібек есімді журналист еліміздегі облыс әкімдерінің ауыс-түйістері  жайында жазба қалдырды.Ол:

 

«Қостанай облысының су жаңа әкімі Марат Жүндібаев болады бұйыртса.

ҚР Президентінің жарлығымен Архимед Мұхамбетов алдағы апта қызметтен босатылады.

Сөйтіп, Архимед Мұхамбетов ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың орнын алмастырады.

100% нақтыланған ақпарат.

Айта кетейін, Архимед Мұхамбетов Марат Жүндібаевтың кандидатурасын Президент Тоқаевқа өзі ұсынды, «-делінген жазбада. Әлеуметтік желі қолданушысының бұл болжамын  оқырмандары барынша қызу талқылауда. Мәліметтің қаншалықты растығы келесі аптада белгілі болып қалар…

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.